«Қазақстан тарихы мен Ұлы дала мұрасының сабақтастығы»

15.12.2025

Тәуелсіздік күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесі мен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы мен Ұлы дала мұрасының сабақтастығы» тақырыбында танымдық тренинг өткізілді. Іс-шараға бастауыш білім беру факультетінің студенттері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Тренинг командалық сайыс форматында өтті. Шара барысында 5 команда Шығыс Қазақстан облысындағы киелі нысандар — Берел, Ақбауыр және Өскемен қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы презентациялар дайындап, қорғады.

Іс-шара соңында ерекше шығармашылық белсенділік пен бастамашылдық танытқан студенттер Алғыс хаттармен марапатталды. Аталған шара жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын тереңдете түсті.