«Тарихи ғимараттар – өткеннің ізі»
25.11.2025
Өскемен қаласындағы тарихи ескерткіш ғимараттарда орналасқан мекеме қызметкерлеріне арнап облысымыздың тарих және мәдениет ескерткіштері туралы танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қызметкерлер тек өздері жұмыс істейтін ғимараттардың тарихымен ғана емес, сонымен қатар Шығыс Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени маңызы бар сәулет, археология ескерткіштері мен монументалды құрылыстар жайлы да ақпарат алды.
Іс-шара өткен ескерткіш ғимараттар:
– «Сәуле» дүкені (бұрынғы Сава Семенов және оның ұлдарының сауда үйі);
– Көпес Курочкиннің үйі негізінде салынған облыстық атқару комитетінің ғимараты;
– ХХ ғасырдың 50-жылдары салынған, бүгінде түрлі ұйымдар орналасқан "Теремок" ательесінің ғимараты бар.








