«Абайды таны, Абайды оқы»

10.12.2025

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің мамандары Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 1-курс студенттеріне арнап «Абайды таны, Абайды оқы» атты танымдық викторина өткізді.

Викторина барысында студенттерге ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар студенттер Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, домбырамен «Май түні» күйін орындады. Сабақ соңында барлығы бірге «Көзімнің қарасы» атты әнін орындап, ақынға деген құрметтерін білдірді