«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени мұра нысандарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар»

11.12.2025

Тәуелсіздік күніне орай Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледждің «Туризм» және «Мейрамхана және қонақүй бизнесі, бағдарламалау» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени мұра нысандарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттерге ел тәуелсіздігі кезеңінде жүзеге асырылған мәдени мұраны сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, олардың тарихи маңызы мен нәтижелері туралы мәлімет берілді.