«Өскемен қаласының сәулет ескерткіштері»
31.10.2025
«Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК-нің 25-ЭЭП-1к тобының студенттері «Өскемен қаласының сәулет ескерткіштері» тақырыбында ұйымдастырылған танымдық квестке белсенді қатысты. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ іс-шараны жастар арасында тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырды. Квест қатысушылары қаланың тарихи орталығында орналасқан нысандар бойынша маршруттан өтіп, олардың тарихы, сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени маңызына байланысты тапсырмаларды орындады. Әрбір тапсырма байқағыштықты, логикалық ойлауды және шығармашылық көзқарасты дамытуға бағытталды. Тапсырмаларды белсенді орындаған студенттер мақтау грамоталарымен марапатталды.


