Бауыржан Момышұлының қалпына келтірілген ескерткішінің салтанатты ашылуы
24.10.2025
24 қазанда, Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Күршім ауданында айтулы оқиға болды - аты аңызға айналған қолбасшы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының қалпына келтірілген ескерткішінің салтанатты ашылуы.
Қазақ халқының жауынгерлік ерлік рухы мен батырлығын бейнелейтін бұл ескерткіш облыстың тарихи-мәдени мұрасының құнды нысаны болып табылады.
Жөндеу-реставрациялау жұмыстары Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың бастамасымен және облыстың мәдениет басқармасының бақылауымен орындалды.
Қалпына келтірілген ескерткіш өткеннің ұлы ерліктерін еске алып қана қоймай, ұлттық мақтаныш пен патриотизмді нығайтып, халқымыздың тарихи тамырына деген терең құрметті оята отырып, өскелең ұрпаққа шабыт береді.


